Орындалатын файлдар туралы ақпаратты қарау

Клиент құрылғыларында табылған барлық орындалатын файлдардың тізімін көру үшін,

Бағдарламаларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Орындалатын файлдар салынған қалтасын таңдаңыз.

Орындалатын файлдар қалтасының жұмыс аймағында құрылғыларда іске қосылған немесе Windows жүйесіне арналған Kaspersky Endpoint Security түгендеу тапсырмасы жұмыс істеп тұрған кезде табылған орындалатын файлдардың тізімі көрсетіледі.

Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын орындалатын файлдар туралы деректерді көру үшін сүзгілеуді қолдана аласыз.

Орындалатын файлдың сипаттарын көру үшін:

Файлдың мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.

Орындалатын файл туралы ақпаратты, сондай-ақ орындалатын файл бар құрылғылардың тізімін қамтитын терезе ашылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бағдарламаларды басқару

Басына оралу